Меню

Страницы

Статья

Объявление о конкурсе на занятие вакантной должности директора ГКП на ПХВ "Футбольный клуб «Оқжетпес» при управлении физи­ческой культуры и спорта Акмолинкой области

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» футбол клубы» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 116 «б», info@okzhetpes.kz , тел/факс-87162-521795                   
Кәсіпорынның негізгі қызметі: спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
Функционалдық міндеттері: Ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтерін ұйымдастырады, қабылданатын шешімдерінің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүлікін нәтижелі қолданылуы мен түгеддігін, сондай-ақ, оның қызметінің қаржылық- шаруашылық нәтижелігін қамтамасыз етеді; ұйым қызметінің стратегиясы мен саясатының орындалу механизмін анықтайды; оқу-жаттығу мен тәрбиелік үдістердің және т.б. спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық негізін ұйымдастырады және жетілдіреді т.б.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық; мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушылар  білулері  тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан  Республикасының Еңбек кодексі; "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;
педагогика, психология және физиология негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырулары тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш

  2. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  3. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

  4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабындакөрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады   Бұл ретте, конкурстық комиссиясының хатшысы құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе жалған мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурс «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қажетті құжаттар хабалама мерзімді баспа беттеріне шыққан кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі 11а, «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мекенжайына ұсынылуы тиіс.
Анықтама телефоны: 8(7162) 762134.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімдері бекітілгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде конкурс қатысушыларымен әңгімелесу өткізеді.     

Дата публикации
22 апреля 2024
Дата обновления
28 марта 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды
Хабарлама
03 сентября 2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Қажымұқан атындағы №3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ директорының бос қызмет лауазымына конкурс жариялайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы