«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес «Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы, 1 шағынауданы, 97/1 ғимарат мекенжайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 (7164)563576, 6-19-74, e-mail: www. step.ssdyusha@mail.kz;
«Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі-есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020.01.31 № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 1 Мемлекеттік қызмет түрі, ақылы негізде-0 Мемлекеттік қызмет түрі.
2022 жылы 56 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2022 жылы "Мүгедектерге арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметі бойынша 56 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді,
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат танымал әлеуметтік желілер, БАҚ беттерінде орналастырылады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- «Еgov mobile» мобильді қосымшасын танымал ету бойынша 4 ақпараттық еден тіректері орнатылды;
- басқармада және ведомстволық бағынысты ұйымдарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды «Еgov.kz»;
- БАҚ-та 2 түсіндіру материалдары жарияланды;
1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Сонымен қатар, қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
«Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
«Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қызметінің 2022 жылғы есебін жария талқылау қорытындысы туралы қорытынды
|
№ |
Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген жеке тұлғаның ТАӘ, ұйымның атауы |
Жария талқылау шеңберінде келіп түскен ұсыныстардың және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны |
Ұсынысты және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер |
Ұсынысты және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі негіздемелер |
Ескерту |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
Қосымша мәліметтер:____________________________________________
Жарияланымның авторы
«Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ