Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
35-қосымша

 Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары

       Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.10.2023 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Осы Қағидалар орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру, сондай-ақ олардың телнұсқаларын беру тәртібін белгілейді.

 2-тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру тәртібі

  1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру ұйымдары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес береді.
  2. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы куәлік, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.

  1. Білім беру ұйымдарында негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 болып тіркелген) бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес беріледі.
  2. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрде білім алушының өзіне беріледі.

      Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

  1. Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілер:

      1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;

      3) қосымшадан тұрады.

  1. Бланк мұқабасы:

      1) үздік бланк үшін - қызыл түстен;

      2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін бланк үшін - көгілдір түстен;

      3) басқа қалған бланкілер үшін - қою көк түстен дайындалады.

  1. Бланкілердің барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

      1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;

      2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.

  1. Бланкілер мен оған қосымшалары баспаханалық тәсілмен басылады (баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
  2. Бланкілер мен оған қосымшалары арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:

      1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар бланкілер, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін бланкілер үшін;

      2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.

  1. Бланкілердің бет жағында:

      1) жоғары жағында – "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;

      2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - бланк түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

  1. Бланкілердің ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
  2. Бланкілердің сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.
  3. Үздік құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер жазылады.
  4. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін бланкінің ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.
  5. Бланкілердің барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
  6. Бланкілер оларға жазылатын жазулар басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом бланкілерінде QR код арқылы автоматты сәйкестендіру технологиясы (өлшемі 3х3 см.) қолданылады.
  8. QR кодты генерациялау "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне енгізілген білім алушылар туралы мәліметтер мен бітірушілер негізінде жүзеге асырылады.

 3-тарау. Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі

  1. Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.

      Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының (заңды өкілінің) немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;

      2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

      Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше білім беру ұйымына жүгінуі қажет.

  1. Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
  2. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жабылған кезде жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
  3. Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
  4. Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында "Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.

 1-параграф. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
  2. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді, мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
  4. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
  5. Мемлекеттік корпорация немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрсетіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  8. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  9. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
  10. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
  12. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
  13. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

       Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіреді немесе білдіреді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын беру болып табылады.
  3. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  4. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
  5. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
  6. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  7. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

 Параграф 2. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКОББ ұйымы) көрсетеді.
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе ТжКОББ ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ТжКОББ ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді, мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
  4. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
  5. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрсетіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның немесе ТжКОББ ұйымының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  8. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  9. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) ТжКОББ ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
  10. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге ТжКОББ ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
  12. ТжКОББ ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
  13. ТжКОББ ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

       Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіреді немесе білдіреді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, ТжКОББ ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.

      ТжКОББ ұйымының қызметкері (көрсетілетін қызметті беруші) "eGovMobile" электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисіне шығару үшін қызмет көрсету нәтижесін цифрлық форматта қалыптастырады және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі туралы құжаттың телнұсқасын және "eGovMobile" электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде цифрлық диплом беру болып табылады.
  2. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
  5. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  6. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

 Параграф 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

       Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
  4. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды еспеке алу мен
беру қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
__________________________
(оқу орнының атауы)
азамат(ша)
____________________________
__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) және ЖСН)
____________________________
____________________________
(аяқталу жылы)
____________________________
___________________________
оқу орнының атауы мен
мекенжайы өзгерістер болған
жағдайда

 Өтініш

      Сізден _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      ___________________________________________________________

      байланысты маған аттестаттың телнұсқасын беруіңізді сұраймын

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау

       туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді

      қолдануға келісемін.

        "___" ____________20___ жыл ________________

       қолы

 

Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды еспеке алу мен
беру қағидаларына
2-қосымша

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

 

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

 

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

 

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

 дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.

Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "электрондық кезек" тәртібімен не жеделдетілмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондау арқылы жүзеге асырылады;

 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;

3) www. egov. kz порталында.

 

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініші;

2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған, абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының басшысының атына өтініш.

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттарының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

 

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдар жасау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда қызмет алушы мемлекеттік қызметті электронды түрде портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Оқу-ағарту министрлігінің және бірыңғай байланыс орталығының www. egov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған субъектілер және ақпараттық жүйелер пайдаланушылары үшін сервис қолжетімді.

Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

 

 

 

Орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттарды еспеке алу
мен беру қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

         

 Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық

      емес акционерлік қоғамы филиалының № __________ бөлімі/ білім беру ұйымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      мынадай құжаттар алынды:

  1. Өтініш
  2. Басқа ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/ білім беру ұйымы қызметкерінің

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жыл "___" _________

 

Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды еспеке алу мен
беру қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 

Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы
___________________________
(көрсетілетін қызмет
алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

       Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік

      қоғамы филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету)/білім беру ұйымы

      ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің (атауы)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес

      _________ толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік

      қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/

      білім беру ұйымы қызметкерінің

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________ (қолы)

      Орындаушының Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________

      Телефоны __________

      Алдым: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті

      алушының қолы

      20 ___ жыл "___" ___________

 

Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
туралы мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды еспеке алу мен
беру қағидаларына
5-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
____________________________
(ұйым басшысының тегі,
аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) толық)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
толық)
____________________________
(оқу орнының атауы,
бітірген жылы)
____________________________
(мамандық атауы)
____________________________
____________________________
мамандығы бойынша
____________________________
өзгерген жағдайда оқу орнының
атауы және мекенжайы

 Өтініш

      Маған________________________________________________________

      __________________________

      ______________________________________________________________

      байланысты

      дипломның телнұсқасын (қосымшасымен бірге дипломның телнұсқасын, дипломның телнұсқасын,

      қосымшаның телнұсқасын) беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"

       Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға

      келісемін.

      "___" ______________ 20____ жыл _________________

      (қолы)

 

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды есепке алу мен беру қағидалары
Дата публикации
27 сентября 2024