«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚР Заңына сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі деп танылады.