2017 жылғы « 15» мамырдағы
№ 46-өбұйрығына қосымша
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу әдістемесіне сәйкес, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында әзірленді.
- Қоғамдық қарым-қатынас саласының атауы: дене шынықтыру және спорт.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы .
- Ақмола облысында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері:
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғап отырған саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды құқықтарын іске асыру кезінде:
- Конституция, заңдар және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;
- ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқытары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамамен бекітілген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзге рұқсаттық қызметтерді жүзеге асыру барысында қарастырылмаған құжаттарды талап етуді болдырмау, кез келген сөзбалаушылықтан (қағазбастылықтан) аулақ болу;
- Лауазымдық міндеттерін атқару кезінде әділ және саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу;
- Нормативтік-құқықтық актілердегі сәйкессіздіктер мен әтіндердің әркелкі оқылуы анықталған жағдайда аталған нормативтік құқықтық актіні әзірлеген сәйкес уәкілетті органға жедел хабарлау;
- Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысына бағыттала отырып, тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қолдану;
- Лауазымдық міндеттерін атқару кезінде алынатын азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен абыройына қатысты мәліметтерді жарияламау және олардан Қазақсан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа ондай ақпаратты ұсынуын талап етпеу;
- Мүдделер қайшылығының пайда болудың кез келген мүмкіндігін болдырмау бойынша шаралар қолдану.
3.2. өз құзыреті шегінде басқару және өзге шешімдерін әзірлеу және қабылдау кезінде:
- Мүдделер қайшылғын болдырмау, ал ол пайда болған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою шараларын қолдану;
- Шешім шығаруды талап ететін бақылау шаралары мен өзге әрекеттерді жүзеге асыру кезінде мәселелерді объективті түрде қарап, тек заңнамаға сәйкес шешім қабылдау;
- Мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау кезінде ешқандай материалдық игіліктерді, қызметтерді және өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты өзге басымдықтарды қабылдамау;
- Өкілеттіктерін оған берілген құқытар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру;
- Құпиялылықты сақтау және көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау;
- Жеке және заңды тұлғаларға артықшылықтар бермеу, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
- Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, ұсынылған өкілеттіктерді тиімді пайдалану, өзінің қызметтік міндеттерін әділ және сапалы орындау; жұмыс уақытын оңтайлы қолдану.
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге ұсыныстар енгізу кезінде:
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге ұсыныстар енгізу кезінде «Нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қатаң сақтау;
- Өзі немесе үшінші жақ үшін пайда алу мақсатында нормативтік құқытық актілердің қабылдануын болдырмау;
- Белгілі тұлғалар тобына немесе жеке белгіленген тұлғаларға бағытталмауы тиіс.
3.4. өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты пайда болатын өзге қарым-қатынастар кезінде:
- Мемлекет мүддесіне зиян келтіретін, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендететін және кедергі келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
- Заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар мен әрекеттерге жол бермеу;
- Іскери әдеп пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;
- Өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын болдырмау бойынша шаралар қолдану немесе болдырмау;
- Әріптестің ұжымда ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке немесе кәсіби қасиеттерін талқылаудан тыйылу;
- Басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтер ұсыну.
- 4. Өзге шектеулер мен тыйымдар:
- Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы туралы ақпарат болған жағдайда, ол бұндай құқық бұзушылықтың алдын алу немесе оны болдырмау бойынша шаралар қолдануы тиіс, оның ішінде жазбаша түрде жоғары тұрған басшыға, жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс. Сонымен бірге мемлекеттік қызметші тез арада жазбаша түрде өзге тұлғалардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына итермелеу жағдайлары туралы жоғарыда көрсетілген тұлғаларға және мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс;
- Кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыру; лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты сыйақы алу (сыйлықтар, ақшалай сыйлық, қызметтер, көңіл көтеру, демалыу, көлік шығындарын өтеу және өзге сыйақылар);
- Жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін ззінің лауазымдық өкілеттіліктерін немесе онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалану.