ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі арқылы жалақы төлеуіне жүргізілген мониторинг нәтижелері
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін пайдалана отырып, бюджет қаражатын нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.
«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, оның ішінде жалақы төленуін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің банк карталарына жүргізілген аударымдарды талдауға ерекше назар аударылады. Бұл жалақы ретінде көрсетілген негізсіз төлемдерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген тексерулер бірқатар жағдайларда тәуекелдердің бар екенін растады, бұл цифрлық мониторингті одан әрі дамыту қажеттілігін көрсетеді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы жалақы төленуіне мониторинг жүргізіп, барлығы 41419 тәуекелді төлем бойынша 1642 хабарлама жолдады, оның ішінде:
- білім беру саласында - 38123 тәуекелді төлем бойынша 902 хабарлама;
- мәдениет саласында - 3058 тәуекелді төлем бойынша 679 хабарлама;
- денсаулық сақтау саласында - 238 тәуекелді төлем бойынша 61 ден қою хабарламасы;
Заңсыз төлемдер фактілері расталған 29 тәуекелді төлем бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Департамент хабарламалар орындалмаған және мониторинг нысанасы бойынша жоғары тәуекелдер сақталған жағдайда мемлекеттік аудит тағайындап, жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша тиісті лауазымды тұлғалар анықталып, олар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.