Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысын өткізу туралы хабарландыру

Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысын өткізу туралы хабарландыру

Ағымдағы жылдың 8 маусымында сағат 16.00-де Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ғимаратында жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру өтінімдерді қарау бойынша «Бизнес жобаларды іріктеу жөнінідегі конкурстық комиссия» отырысы өткізіледі. Конкурстық комиссия отырысы Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, №23 мекен жайы бойынша өтеді. Комиссия қарауына өтінім берген несие алушыларды міндетті түрде аталған мекен жайға келулеріңізді және бизнес жобаларыңызды қорғауға дайын болуларыңызды сұрайды.

Ескертпе: Комиссия отырысына несие алуға өтінім берген үміткерлердің өзі қатысуы қажет немесе видео байланыс арқылы қатыса алады. Видео байланыс барысында үміткерлер тарапынан орын алған техникалық ақауларға (байланыс сапасы және т.б.) комиссияның жұмысшы органы жауап бермейді және өзге бір тұлғаның қатысуына жол берілмейді.

Қосымша ақпарат алу үшін комиссияның жұмысшы органы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды  және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына 8(7162)298633 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.