Бүгін, 2022 жылғы 15 шілдеде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожқызы Жанәділова келді.
Айнагүл Балғожақызы басқарма ұжымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының және әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, кеңес берді.