Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықта жүйені сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен қоса лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
2022 жылғы 1 маусымда облыс әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрінде талқылау жүргізілді. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған одан әрі жұмыс бойынша ұсынымдар әзірленді.