Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың ішіндегі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

    1. Жалпы ережелер

     

    1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер: – «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Басқарма).

    2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

    мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны – мемлекеттік қызметтердің 4 түрі:

    «Қандас мәртебесiн беру және ұзарту»;

    «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;

    «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу»;

    «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту».

    - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны:

    Басқармамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «Қандас мәртебесiн беру және ұзарту», «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі;

    - тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

    3 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер – тегiн;

    1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – ақылы/тегiн;

    - қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

    1 мемлекеттiк қызметтер – қағаз түрiнде;

    3 мемлекеттiк қызметтер – электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және немесе қағаз түрiнде;

    - мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 4.

    3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

    2021 жылдың ішінде басқармамен 343 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    «Қандас мәртебесiн беру және ұзарту» – 182;

    «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» – 126;

    «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» – 35.

     

    1. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

     

    1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіретін ақпарат басқарманың интернет-ресурсында – www.gov.kz, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ғимаратының фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

    2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

    Жария талқылаулар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын жобаны қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы БАҚ пен әлеуметтік желілерде 11 мақала жарияланды.

     

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

     

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

    Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту жөніндегі мәліметтер «Шетелдік жұмыс күші» ДҚ ААЖ-не енгізіледі. Қандастар бойынша мәліметтер «Қандас» ДҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ААЖ) дерекқорына енгізіледі. Ақпараттық ресурстар үнемі өзекті жағдайда сақталады.

    2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, Мемлекеттік қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер енгізілді, олар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындады.

     

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

     

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

    2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру іс-шараларын жүргізген жоқ.

    4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингін «ЗОР РУХ «қайырымдылық қоры» жеке қоры жүргізді. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты мониторинг жүргізілген жоқ.

     

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

     

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2025
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы