Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде, тегін ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртібінде тиісті мәртебе алған ұлты қазақ этникалық қазақ және (немесе) оның отбасы мүшелері болып табылады.
Мемлекеттік қызмет заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге жұмыстардың стандарттары мен регламенттері, басқа да нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер беріледі.
Жұмыстың негізгі бағыттары - қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау, қызмет көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру.
Сонымен, Ақмола облысына 2021 жылдың 1 желтоқсандағы қандас мәртебесі 162 адамға берілді, оның ішінде из Қытайдан – 35 адам, Моңғолиядан – 54 адам, Өзбекстаннан – 62 адам, Ресейден – 10 адам, Қырғызстаннан – 1 адам.
Көшіп келген қандастарға көшуге субсидиялар және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар төленеді.
көшуге субсидия – отбасының әр мүшесіне бір жолғы 70 АЕК мөлшерінде.
тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидия – ай сайын, он екі ай ішінде келесі мөлшерінде:
1) қалалық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде;
2) ауылдық жерге көшіп келгендерге:
- бір адамға 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен өңірлік комиссияның ұсынымдары негізінде оның меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін бір жылға отбасына есептелген сома шегінде субсидиялар сомасын бір жолғы төлеуге жол беріледі.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және отбасына коммуналдық қызметтерді төлеуге есептелген сома шегінде тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін бір жолғы төлем жылына алдын ала сатып алу-сату шарты болған кезде жүзеге асырылады.
Жыл басынан бастап комиссияның 7 отырысы өткізілді, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 120 адам енгізілді.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгендердің ішінен 79 адам еңбекке қабілетті жастағылар.
Олардың ішінде: жұмысқа орналастырылды – 44 адам (оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 5 адам).
Осы қызмет бойынша ақпаратты басқармадан алуға болады Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23 үй, телефон: 8 (716-2) 29-86-29, 29-86-30.