Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы 2022 ж. 01.10.

Облыста қолданыстағы заңнама шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау шаралары қабылдануда.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі. 1 қыркүйекке АӘК 2,4 мың отбасына (10,7 мың адам), оның ішінде 717 көп балалы отбасына тағайындалды. 1 қазанға 641 млн. теңге төленді.

Бұдан басқа, АӘК алатын отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы (ай сайын) және тұрмыстық химия тауарлары (тоқсанына бір рет) түрінде кепілдік берілген әлеуметтік пакет (КӘП) ұсынылады. 1 қазандағы жағдай бойынша 2799 балаға 119 млн. теңге сомасына 20817 жиынтық берілді.

Анықтама: АӘК төлеуге 2022 жылы республикалық бюджеттен 775 млн. теңге, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттерінен 200 млн. теңге бөлінді. МБЖ балаларын қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 189 млн. теңге бөлінді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңымен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары мәслихаттарының тиісті шешімдерімен белгіленген шектерде телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін табысы аз адамдарға тұрғын үй көмегі көзделген. 1 қазанға тұрғын үй көмегі 419 мұқтаж отбасыға (864 адам) жалпы сомасы 18,4 млн. теңгеге төленді.

Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары мәслихаттарының шешімдерімен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді, олардың шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

1 қазандағы жағдай бойынша 40 мың адамға 722 млн. теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:

- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 760 отбасы жергілікті бюджет есебінен 31,7 млн. теңге сомасында материалдық көмек алды;

- әлеуметтік мәні бар аурулары бар тұлғалар: қатерлі ісіктері бар 4409 азамат 234,3 млн. теңге сомасында төлем алды, туберкулезбен ауыратын 700 адамға 55,4 млн. теңге, АҚТҚ жұқтырғандарға 491 адамға 26,2 млн. теңге төленді. АИТВ-инфекциясы бар 13 бала ай сайын екі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлем алады, жыл басынан бері барлығы 8,9 млн. теңге төленді;

- 10,2 млн. теңге сомасына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 219 адам;

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен 296 отбасы 45,2 млн. теңге сомасына;

- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындары мен колледждердің 110 студентіне оқу ақысын төлеу бойынша 50,3 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмек.

- ең төменгі зейнетақысы бар қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары шеңберінде 259,8 млн. теңге сомасына 32,1 мың адам қамтылды.

Бұл шаралар мұқтаж отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға және әлеуметтік шиеленістің өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2025
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы