Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау

Басқарма мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Сондай-ақ басқарма ведомстволық бағынысты мекемелердің, жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық, аудандық бөлімшелердің қызметін консультативтік және практикалық көмек көрсету, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу арқылы үйлестіреді.

Облыс бойынша барлығы 29816  мүгедек адам тұрады (оның ішінде 1 топ 3335 адам, 2 топ 10686  адам, 3 топ 12079 адам, 33696 бала).

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету.

2026 жылғы 1 жартыжылдық жағдай бойынша 10331 адам немесе 73,5 % оңалту қызметтерімен және құралдарымен қамтамасыз етілді (14065) оның ішінде протездік-ортопедиялық көмек 919 немесе 60,6 % (1517), сурдологиялық көмек 209 немесе 76,9 % (272), тифлотехникалық құралдармен 462 немесе 72,8 % (635), кресло-арбалармен 404 немесе 85,5% (473), санаторий-курорттық емдеумен 1741 немесе 45,5 % (3833), жеке көмекшінің қызметтерімен 86 немесе 98,9 % (86), ымдау тілі маманының қызметтерімен 238  адам. немесе 99,2 %, міндетті гигиеналық құралдармен 6272  немесе 89,5 % (7008).

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу.

2025 жылы 192 объект бейімделді (оның ішінде білім беру объектілері 54, денсаулық сақтау 36, мемлекеттік басқару 18, өзге 63, мәдениет 15, спорт 4), әлеуметтік қорғау 2 немесе жоспардан 100%.

2026 жылы 191 нысанды бейімдеу жоспарланған.

 

Дата публикации
27 сентября 2020
Дата обновления
29 июля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2025
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы