Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік көмек

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет бағыттарының бірі әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік көмек - бұл аз қамтылған азаматтарға және өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға оны еңсеруге жәрдемдесу мақсатында берілетін әлеуметтік қорғау шарасы.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексіне сәйкес мемлекет жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) ақшалай нысанда ұсынылады.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті жергілікті атқарушы органдар ақшалай немесе заттай нысанда бір рет және (немесе) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған, әлеуметтік мәні бар ауру, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыс болған кезде бір жолғы және (немесе) мерзімді түрде көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем.

2026 жылдың I жартыжылдығында жалпы сомасы 1 522 482,55 мың теңгеге 24 985 адамға төлем жүргізілді:

- АӘК 898 отбасына (4 126 адам) жалпы сомасы 343 123,0 мың теңгеге тағайындалды, 873 отбасына (4 008 адам) 283 856,0 мың теңге төленді (орташа мөлшері – 11 804 теңге).

- Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу 341 балаға 21 798,45 мың теңге сомасында тағайындалды, 341 мүгедектігі бар балаға 21 727,45 мың теңге төленді.

- Тұрғын үй көмегі 87 отбасына (133 адам) 2 997,3 мың теңге сомасында тағайындалды, 87 отбасына (133 адам) 2 324,3 мың теңге төленді.

- Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 19 704 адамға 1 285 182,7 мың теңге сомасында тағайындалды, 19 219 адамға 1 182 004,8 мың теңге төленді, оның ішінде АИТВ инфекциясын жұқтырған балаларға екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі ай сайынғы төлем 9 балаға 5 397,6 мың теңге сомасында тағайындалып, 9 балаға 5 042,9 мың теңге төленді.

- Жыл басынан бері кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша төлем 1 339 балаға 39 410,0 мың теңге сомасында тағайындалды, 1 284 балаға 32 570,0 мың теңге төленді.

Дата публикации
26 сентября 2020
Дата обновления
27 июля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2025
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы