Меню

Страницы

Статья

II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауды онлайн режимінде тіркеді

II тоқсанда 30 мыңнан астам отбасы eGov.kz порталы арқылы онлайн режимiнде алғаш рет атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) тағайындауды ресiмдедi. Мұндай мүмкiндiк азаматтарға мемлекеттiк инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупiн азайту мақсатында берiлдi. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары қолданылуының барлық кезеңi iшiнде АӘК алғаш рет тағайындау үшiн азаматтар электрондық форматта өтiнiш бере алады.

Өтiнiш беру үшiн eGov.kz порталда авторлану қажет және электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы тиiс.

Кiру орындалғаннан кейiн жоғарғы оң жақ бұрышында ашылмалы тiзiм бар батырманы басу, «Электрондық өтiнiштер» және «Онлайн тапсырыс беру» таңдау қажет.

Бұдан әрi өтiнiш берушi жеке кабинетке түседi, онда оған «құру» батырмасын басу қажет. Содан кейiн («аймақ», «нақты тұратын мекен-жайы», «ұялы телефон» және т.б.) жолдарды толтыру талап етiледi. Бұдан басқа, құжаттардың фотосуретiн немесе сканерленген көшiрмелерiн қоса беру қажет. Тiзiмдi «Қажеттi құжаттар тiзiмi» сiлтемесiне өту арқылы көруге болады.

Соңғы әрекет ЭЦҚ-кiлттiң көмегiмен өтiнiмге қол қою болады. Ол үшiн «Сертификатты таңдау» батырмасын басу және аты «RSA…» — дан басталатын файлды таңдау қажет, содан кейiн жүйе ашық парольдi енгiзудi сұрайды.

Өтiнiш беру нәтижесiнде өтiнiмге жеке кабинетте мәртебе берiледi.

Естерiңiзге сала кетейiк, ағымдағы жылдың III тоқсанында қазақстандықтарға мемлекеттiк инстанцияға жүгiнбей-ақ АӘК тағайындауды ұзартты. Яғни, ағымдағы жылдың II тоқсанында АӘК алған азаматтар, егер отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы орташа табысы Өңiрлiк ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70% — ынан аспаса, III тоқсанда автоматты түрде төлем алуды жалғастырады.

Дата публикации
27 августа 2020
Дата обновления
27 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2025
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
15 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы