Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептерді ашық талқылауды өткізу туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету

саласындағы 2025 жылғы

қызмет жөніндегі есептерді

ашық талқылауды өткізу туралы

 

Акмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру баскармасы Ережесінің 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және көші-қон бөлімі және "Ақмола облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы" КММ:

2026 жылы 1 наурызға дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет туралы есепті орналастырсын және көрсетілген есептің орналастырылғаны жөнінде халыққа хабарласын.

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және элеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және көші қон бөлімі:

1) 2026 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептерді ашық талқылауды өткізсін;

2) 2026 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда және баска да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды өткізудің нәтижелері бойынша қорытындыны орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Е. К. Мұхамединге жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Басқарма басшысы                                                   Ш.Рахматуллина

 

Дата публикации
26 февраля 2026