Мемлекеттік қызмет корсету саласындағы 2024 жылғы қызмет жөніндегі есептерді ашық талқылауды өткізу туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету

саласындағы 2024 жылғы

қызмет жөніндегі есептерді

ашық талқылауды өткізу туралы

 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Ережесінің 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және көші-қон бөлімі және "Ақмола облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы" КММ:

2025 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызмет туралы есепті орналастырсын және көрсетілген есептің орналастырылғаны жөнінде халыққа хабарласын.

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және көші қон бөлімі:

1) 2025 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2024 жылғы қызмет жөніндегі есептерді ашық талқылауды өткізсін;

2) 2025 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды өткізудің нәтижелері бойынша қорытындыны орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Е. К. Мұхамединге жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Басқарма басшысы                                                         Ш. Рахматулллина

Дата публикации
07 апреля 2025