Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы

                                                                         

                                                               Құрметті кандастар!

 

 «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 9 тамыздағы №310 бұйрығымен Ақмола облысына қосымша 250 адамға өңірлік квота бөлінді.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:

  1. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен;
  2. Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  3. Белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) не еңбек кітапшасы (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама.
Дата публикации
27 августа 2024