Жұмыспен қамту 2020

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне 2020 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9 %, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 14 491 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiшпен жүгiнгендердiң жалпы санынан 86,5 % құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1586 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1421 адам (89,6%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 39 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1972 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 307 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 128 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 61 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 33 адам, жастар тәжiрибесiне — 39 адам, кәсiптiк оқуға 46 адам жолданылды.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 1855 адам жоспарлануда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқуға кiрiсетiн 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 665 адам қамтылады.

01.09.2020 жылдың жағдай бойынша қысқа мерзiмдi оқуға 702 адам жiберiлдi.

Жыл соңы бойынша 100% орындалуы күтiледi.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 2793 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1350 адам қамтылады.

01.09.2020 жылдың жағдай бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқуға 1323 адам жiберiлдi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында 803 азаматқа 3461,3 млн. теңге сомасына несие жоспарланған.

01.09.2020 ж. жағдай бойынша 1707,6 млн. теңге сомасында 437 адам шағын несие алды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 339,3 млн. теңге сомасында 640 грант беру жоспарланған.

01.09.2020 ж. жағдай бойынша 287,6 млн. теңге сомасында 540 адам грант алды.

Жыл соңы бойынша 100% орындалуы күтiледi.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 4373 адам белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарланған. 01.09.2020 ж. жағдай бойынша 4240 адам қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 2964 адам (жоспар 3180 адам);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 490 адам (жоспар 466 адам);

- жастар тәжiрибесiне 786 адам (жоспар 727 адам) жiберiлдi.

Жыл соңы бойынша 100% орындалуы күтiледi.

01.09.2020 ж. жағдай бойынша облыста 17355 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 102,3% (16964) құрылды, оның iшiнде 6204 тұрақты жұмыс орын немесе жылдық жоспардан 86,5% (7170) құрылды. Жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында құрылды — 2292.

Жыл соңы бойынша 100% орындалуы күтiледi.

 

Дата публикации
24 сентября 2020