2020 жылға арналған азаматтық бюджет Ақмола облысы әкімдігінің 2020ж.27.08. № А-9/427 қаулысына

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік

 бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

2020 жылға арналған азаматтық бюджет

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы

«2020 жылға арналған облыстық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы»

№ А-9/427 қаулысының негізінде

 

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында аса маңызды бағыттардың бірі өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қоғамға бірлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау болып табылады.

Басқарма 10 ведомствоға қарасты мекемелермен,  19 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдерімен,                19 жұмыспен қамту орталықтарымен, жартылай стационар және қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік көмек ұсыну жөніндегі аудандық бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді.

        Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы «2020 жылға арналған облыстық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» № А-9/427 қаулысының негізінде 9 493,5 млн. теңге сомасында бюджет нақтыланды, оның ішінде:

республикалық бюджет – 5 021,5 млн. теңге,

жергілікті бюджет – 4 241,6 млн. теңге,

Ішкі қарыздар есебінен – 230,4 млн. теңге, оның ішінде:

  • Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау» 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 928,3 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 461,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 467,3 млн. теңге қаражат жоспарланды. Аталған қаражат 1565 мүгедектер мен мүгедек-балаларды санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге, 1194 кресло-арба, 1494 сурдотехникалық құралдар, 1622 тифлотехникалық құралдар және 3476 протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
  • «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» 046 бюджеттік бағдарлама бойынша 166 мүгедекті техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге 3,8 млн.теңге жоспарланған.

Ø  «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» 053 бюджеттік бағдарлама бойынша 14 мүгедек-баланың және 3 мүгедек – ересектің дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 87,8 млн.теңге жоспарланған.

Ø 2020 жылы 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы  5 074,7 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 4 236 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 838,7 млн. теңге қаражат жоспарланды.

Ø Мүгедектердің құқықтарын және өмірлік сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге барлығы 270,5 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 245,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен              24,7 млн. теңге қаражат жоспарланды. Бюджеттік қаражат                  1861 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге,     146 адамға  ымдау тілі мамандарының қызметін көрсетуге, 2095 адамға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге бағытталатын болады, 4 адамға бір реттік катетерлармен қамтамасыз ету. Қозғалып жүріп-тұруы кезінде қиындықтарға кездесетін адамдарға ұсынылатын «Мүгедектік такси» қызметін жалғастыру үшін барлығы 21,7 млн.теңге облыстық бюджеттен жоспарланған.

Ø Объективті себептер негізінде кіріс көзі жоқ, отбасы мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін шартты қаржылай көмек көрсету бойынша, еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 19958 алушыларға және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 3060 алушыларға  және ТЖ кезінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық 29 778  алушыларға                    2 513,5 млн.теңге жоспарланған, соның ішінде РБ есебінен 2 333,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 179,8 млн. теңге.

Халықтың әлеуметтік  осал  топтарына ұсынылатын қызметтердің тиімділігін көтеруге барлығы 277,6 млн.теңге жоспарланған, соның ішінде республикалық бюджеттен 202,8 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 74,8 млн.теңге. Қаражат 228  адамға жартылай стационар жағдайында,  171 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, 5 адамға адам саудасының құрбандарына, 48 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбандарына және 65 адамға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталатын болады

Азаматтық бюджет
Дата публикации
23 сентября 2020