Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүгедектердің орталықтандырылған қорының мәліметі бойынша облыста барлық топтағы 29165 мүгедек тұрады (оның ішінде 1,2 гр. – 13745 адам, 3 топ. – 12461 адам, мүгедек балалар-2655 адам).
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012–2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектілер қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.