Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия туралы Ереже
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия туралы
Ереже
2021жылғы 28 қазандағы облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының №17 хаттамасымен БЕКІТІЛДІ Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1.1. Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясы (бұдан әpi - Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республиқасы Еңбек кодексі негізінде облыстың атқарушы билік органдары өкілдерінің, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің, Комиссия жұмыс топтарының отырыстары, консультациялары, ұжымдық келіссөздері, еңбек және басқа да оған қатысты қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптар ұстанымдарын келістіру түрінде жүзеге асырылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республиқасының Конституциясын, Қазақстан Республиқасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, осы Ережені басшылық етеді. Тұрақты қызмет ететін Комиссия келесі қағидаттары: - Комиссияның қызметіне атқарушы билік өкілдерінің, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерінің міндетті түрде қатысуы; - тараптардың өкілеттілігі; - тең құқықты өкілдік; - тараптардың тең құқықтығы; - тараптардың жауапкершілігі негізінде құрылады. 1.2. белгіленген тәртіпте уәкілетті жергілікті атқарушы органдарының өкілдері (облыстық әкімдіктің), облыс жұмыскерлері (облыстық жұмыскерлер бірлестіктердің) және жұмыс берушілерінің (облыстық жұмыс берушілер бірлестіктердің) өкілдері ретінде облыстық Комиссияның қатысушылары болып табылады . 1.3. Белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыскерлер мен жұмыс беруші бірлестігінің әрқайсы өз өкілдерін Комиссияның сәйкес тарабының құрамына жіберуге құқылы. 1.4. Комиссия үйлестірушісі әлеуметтік әріптестік тараптардың бірлескен шешімі бойынша тағайындалады. Комиссия үйлестірушісі: - тараптардың қызметіне қатыспайды; - Комиссияның жұмысын, хаттамаларды жүргізуін және оларды орындауды бақылуын қамтамасыз етеді; - Комиссия жұмысына қатысу үшін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерін шақырады. 1.5. Комиссия тараптарының жеке құрамы әлеуметтік серіктестіктің әр тарапынан дербес құрылады. Комиссия құрамында жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерін (облыстық әкімдіктің) бекіту және ауыстыру олардың шешімдеріне сәйкес жүргізіледі. Комиссия құрамында атқарушы органдарының өкілдерін (облыстық әкімдіктің) бекіту және ауыстыру облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жұмыскерлердің Комиссияда өкілеттілігіне қатысты даулы мәселелер жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі. Жұмыс берушілердің Комиссияда өкілеттігіне қатысты даулы мәселелер жұмыс берушілер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі. 1.6. Комиссия өз қызметін әлеуметтік әріптестік тараптарының ұыныстары негізінде қалыптастырылатын өзі бекіткен Ережесіне, жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 1.7. Отырыстар тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. 2. Комиссия құқықтары 2.1. Комиссия: 1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы келісілген саясатты жүргізу мәселелерін қарастыруға; 2) облыстық келісім жобасын әзірлеуде, осы келісімді іске асыруда, Комиссия хаттамасының тапсырыстарын орындауда облыстық атқарушы органдары, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінің мүдделерін келістіруге; 3) облыстың атқарушы органдар өкілдерінен, кәсіпкерлер ассоциацияларынан, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін жасалып жатқан және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұрауға; 4) ұжымдық келіссөздер барысында және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін облыстық келісім жобасы мен басқа да келісімдер жобаларын әзірлеу барысында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық, қаллық, аудандың комиссиялармен өзара әрекет ету; 5) ұсыныстарды пысықтау мақсатында, биліктегі атқарушы органдарынан, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін жасалатын келісімдер мен ұжымдық келісімшарттары туралы ақпарат сұратуға; 6) хаттама тапсырмаларды орындау жұмыстарын үйлестіру, ал егер жауапты тұлғалары тапсырмаларды орындамаған болса, әріптестік тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және тапсырмалар мен қабылданған міндеттемелерді орандалмағанына кінәлі адамдарға тиісті шаралар колдану туралы ұсыныспен ақпарат жіберуге; 7) биліктегі атқарушы органдардан, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінен ұжымдық келіссөз жүргізуге және облыстық келісім жобасын әзірлеуге, белгіленген келісім, шешімнің орындалуына бақылау ұйымдастыруға қажетті әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратгы сұрауға және алуға; 8) уәкілетті мемлекеттік органдарының қарастыруына әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында нормативтік -құкықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 9) облыстық келісімді пысықтау мен әзірлеу үшін жұмыс топбын құруға; 10) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы үміткерлердің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтын талаптарына сәйкес жұмыс берушілер берген өтінімдерін бағалау үшін жұмыс тобын құруға; 11) облыстық комиссия отырыстарына облыстық атқарушы органдарының, қоғамды бірлестіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ, басқа мүдделі органдарды шақыруға; 12) Комиссия белгілеген мерзімде, атқарушы билік органдары, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінің қарау мен орындауына міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдерді қабылдауға; 10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әpiптecтік мәселелері жөнінде өткізілетін халықаралық, республиқалық, аймақаралық мәжілістерге, конференцияларға, конгресстерге, семинарларға қатысуға құкылы. 11) еңбек жанжалдарының туындау ықтималдығы бар кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ оларда еңбек жанжалдарының туындау ықтималдығына қарамастан ірі қала құраушы кәсіпорындардың мониторингін тұрақты негізде жүргізу; 12) облыс өңірлерінен әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында (кәсіпорындар мен ұйымдарда)еңбек жанжалдарының туындауына ықпал ететін жағдайлар туралы уақтылы, объективті және толық ақпарат алу; 13) жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің апта сайынғы мониторингін жүзеге асыру; 14) жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерін шақыра отырып, комиссия отырыстарында еңбек дауларының туындау мүмкіндігі бар кәсіпорындар мен ұйымдар мониторингінің нәтижелерін қарау. 3.Комиссияның жұмыс топтары 3.1. Комиссияның жұмыс топтардың ұйымдастырушылық қызметін облыстық Комиссияның үйлестірушісі болып табылатын «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ жүзеге асырады. 3.2. Комиссияның жұмыс топтардың кеңес отырыстары әлеуметтік әріптесік тараптардың өкілдері мен Үйлестірушісі қол қойып бекітетін, хаттамамен ресімделеді. 4. Комиссия отырысын әзірлеу 4.1. Комиссия отырысы күнтізбесінің жобасы бекітілген тәртіпте ұсынылатын, Комиссияның жұмыс жоспары, бұдан бұрын Комиссия қабылдаған шешімдері, тараптардың ұсыныстары, белгіленген тәртіпте ұсынылатын материалдар негізінде үйлестірушімен құрастырылады. 4.1.1. Комиссия отырысы күнтізбесінің жобасы құрылған кезде, әр тарап жұмыс жоспарына кірмейтін Комиссия отырысының күн тәртібіне кірмейтін мәселелерді күн тәртібіне енгізуді ұсынуға құкылы. 4.1.2.Комиссия отырысына косымша мәселені шығаруға бастама жасағандар Жұмыс тобының отырысына дейін 10 күн бұрын мәселенің Комиссия отырысында қарауға мақсатқа сәйкес дәлелі мен барлық қажетті материалдарды (анықтама, хаттама жобасын) ұсынады. 4.2. Әр тарап материалдары мен өткізу қажеттігінің жазбаша негіздеуімен Комиссияның кезектен тыс отырысын өткізу туралы ұсыныс жасауға құкылы. Басқа тараптан келіссөзді бастауға ұсыныс алған тараптар 10 күннің ішінде оларды талқылап келіссөзге кipicyгe міндетті. 4.2.1. Ұсынылған Комиссия отырысы күн тәртібі мәселелері жөнінде үйлестірушіге: жүргізу тәртібі; түсініктеме жазбахат; Комиссия қаулыларының жобалары (ұсыныстары); отырысқа шақырылатын тұлғалардың тізімі беріледі. 4.3. Үйлестіруші Комиссия отырысының күні, уақыты мен өткізу орны туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды және кеңес отырысына қажетті материалдарды жолдайды. Комиссияның отырысы кезектен тыс өткізілген жағдайда материалдар тікелей Комиссия отырысының алдында берілуі тиіс. 4.4. Үйлестіруші Комиссия құрамына кірмейтін атқарушы билік органдары, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерін, сонымен қатар, басқа мекемелердің өкілдерін Комиссия отырысына шақырады. 4.5. Үйлестіруші Комиссия жұмысын, хаттамаларды жүргізу мен олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Комиссия отырысы алдында кеңес отырысына қатысушыларды тіркейді. 4.6. Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. 5. Комиссия отырысын өткізу тәртібі 5.1. Комиссия отырысына тараптар өкілдерінің үштен екісі болғанда заңды деп танылады. 5.2. Кеңес отырысын облыс әкімдігінің өкілі жүргізеді. 5.3. Облыс әкімдігінің өкілі: 5.3.1. Комиссияның бекітуіне отырыс күн тәртібі мен оның жұмыс регламенті жайындағы ұсыныстарды енгізеді; 5.3.2. отырыстың осы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді; 5.3.3. сөз сөйлеуге түскен ұсыныстар негізінде қабылданған тәртіпте сөз береді, қажет болған жағдайда осындай өзгерістердің дәлелді себептерін хабарлай отырып, сөз сөйлеу тәртібін өзгерте алады; 5.3.4. Комиссиямен бекітілген отырыс регламенті бұзылған жағдайда сөз сөйлеушіге ескерту жасауға немесе сөз бермеуге құқылы. 5.4. Баяндауға, хабарландыруға, ақпаратқа, сөз сөйлеуге берілетін уакыт Комиссия қабылдаған отырыс регламентіне сәйкес белгіленеді. 5.5. Комиссия мүшелері мен шақырылғандар Комиссия отырысында төраға сөз бергенде сөз сөйлейді. Комиссия мүшесі: - Комиссия отырыстарында талқыланатын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге; - Комиссияның және жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құкылы. Комиссия мүшесі: - Комиссия мен Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға; - Комиссия хаттама тапсырыстардың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге; - Комиссияның қызметі туралы және облыстық келісімнің орындалу барысы туралы жұмыс берушілердің бірлестіктеріне, жұмыскерлер қауымдастығына үнемі хабарлау міндетті. 5.6. Комиссия мүшелері әлеумпттік әріптесік тарап пен олардың мүддесін қорғайтын тікелей уәкілетті органдары алдында дербес жауапты болып табылады. 6. Шешімдердің орындалуын бақылау және қабылдау тәртібі 6.1. Комиссия өз шешімдерін тиісті хаттамалармен ресімделетін тараптар арасындағы келіссөздерде қол жеткізілетін келісу негізінде қабылдайды. 6.2. Қаралатын мәселелер жайындағы шешімдер жобалары Үйлестірушімен Комиссия мүшелеріне жазбаша түрде берілуі тиіс. 6.3.Комиссия отырысынан кейін Комиссия мүшелері хаттаманың жобасына енгізілетін түзетулерді, толықтыруларды және түзетулерді ескере отырып, Үйлестіруші әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері мен оны тарату туралы хаттамаға қол қоюды қамтамасыз етеді. 6.4. Комиссия отырыстардың хаттамалары төрағасымен, облыстық жұмыс берушілер мен облыстық жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерімен бекітіледі. 6.5.Кеңес отырысының көшірмелерді Үйлестіруші әлеуметтік әріптесік тараптарына, сондай-ақ, хаттама тапсырмалардың орындалуына жауапты басқа мүдделі органдарға жіберіледі. 6.6. Әлеуметтік әріптестік тараптары, Комиссия үйлестірушісі шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 6.7.Комиссия белгілеген мерзімдерде хаттамалық тапсырыстардың орындалуына жауаптылары, олардың орындалуы туралы жазбаша ақпаратты Үйлестірушіге жібереді, ол олардың орындалу барысы жөнінде Комиссияға хабарлайды.
Дата публикации
23 мая 2024