Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2024 жылға арналған азаматтық бюджет
Ақмола облысы мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №8С-9-3 "2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы"шешімі негізінде
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында аса маңызды бағыттардың бірі өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қоғамға бірлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау болып табылады.
Басқарма 10 ведомствоға қарасты мекемелермен, 20 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдерімен, жартылай стационар және қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік көмек ұсыну жөніндегі аудандық бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді.
Ақмола облысы мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №8С-9-3 "2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы"шешімі негізінде
жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша – 17 030,7 млн. теңге сомасында бекітілді, оның ішінде:
республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен – 759,3 млн. теңге,
республикалық бюджеттен берілетін кредиттер– 890,0 млн. теңге,
жергілікті бюджет – 15 381,4 млн. теңге, соның ішінде:
Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау» 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 50,8 млн. теңге қаражат жоспарланған, оның ішінде 106 «Протездеу, үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» 47,9 млн. теңге. Аталған қаражат 100 сурдотехникалық құралдар, 25 протездік-ортопедиялық құралдармен.
2024 жылы «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» 113 бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 4 762,7 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 624,4 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 138,3 млн. теңге.
Мүгедектердің құқықтарын және өмірлік сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 623,6 млн. теңге қаражат жоспарланды. Бюджеттік қаражат 2 920 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, 224 адамға ымдау тілі мамандарының қызметін көрсетуге, 8 адамға бір реттік катетерлармен қамтамасыз ету.
Қозғалып жүріп-тұруы кезінде қиындықтарға туындаған адамдарға ұсынылатын «Мүгедектік такси» қызметін жалғастыру үшін барлығы 37,3 млн.теңге облыстық бюджеттен жоспарланған.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін және қамтамасыз ету бойынша 835,5 млн.теңге сомада жоспарланған. Аталған қаражат 1 784 мүгедектер мен мүгедек-балаларды санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге, 413 кресло-арба, 450 сурдотехникалық құралдар, 718 тифлотехникалық құралдар және 1 575 протездік-ортопедиялық құралдар.
Объективті себептер негізінде кіріс көзі жоқ, отбасы мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін шартты қаржылай көмек көрсету бойынша, еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 10 299 алушыларға және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 2 227 алушыларға 786,6 млн.теңге жоспарланған.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына ұсынылатын қызметтердің тиімділігін көтеруге барлығы 633,7 млн.теңге жоспарланған. Қаражат 288 адамға жартылай стационар жағдайында, 239 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, 7 адамға саудасының құрбандарына, 98 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және 30 адамға стационар жағдайында, «Тең қоғам» кәсіби оңалту орталығы мүгедектерінің саны 25 адамға, күндіз болу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында 65 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталатын болады, Қөкшетау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 15 төсектік күндізгі күтім орталығына жоспарланған.