20.03.2024 жылғы №35-н бұйрық

20.03.2024 жылғы №35-н бұйрық

Ақмола облысының

жұмыспен қамтуды және

әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру  басқармасының

2024 - 2026 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларын

қайта бекіту туралы

 

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 32 бабына сәйкес, «Ақмола облыстық мәслихатының  2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 8С-7-2

 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы        15 наурыздағы № 8С-9-3 шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Келесідегідей бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

      001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;

       002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;

      003 «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау»;

      013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;

      015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»; 

       

         064 «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша еңбек ұтқырлығы орталықтары мен мансаптық орталықтардың қызметін қамтамасыз ету»;

        066 «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу»;

        067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»;

        068 «Жұмыспен қамту бағдарламасы»;

        113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер».

  1. Нақты бұйрықтың орындалуын бақылауды басқарма басшысының орынбасары Е. Мухамединге жүктеймін.

 

Басқарма басшысы                                    Ш. Рахматуллина

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақмола облысы

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы

_______________ А. Шүгірмақова

 

2024 жылғы «___»_______

20.03.2024 жылғы №35-н бұйрық
Дата публикации
28 марта 2024