Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 15 үкіметтік емес ұйым өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жобаларды іске асырады – бұл жалғызбасты қарт азаматтар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және адам саудасының құрбандары, мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіптік оңалту көрсету жөніндегі жобалар, кресло-арбаларды жөндеу, "Инватакси" қызметтерін көрсету бойынша.
Жыл сайын осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 565 млн. теңге бөлінеді.
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Ақмола облысы әкімдігі жанындағы мүгедектік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді.