Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі кеңес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес республикамыздағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды.

2023 жылдың 17 қаңтары басқарма басшысы Ш.С. Рахматуллина сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен кеңесті өткізді.

Сөз сөйлеуші ретінде әлеуметтік көмек және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Б.М. Ахметова сөз сөйледі.

Кеңес барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру бейнеролигі көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық ұғымдары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері, қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Дата публикации
06 июня 2023