«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары):

«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).

Анықтаманы ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

Электрондық түрде

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі:

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері:

Тегін

 

Жұмыс кестесі:

Портал жұмыс қызмет кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс күні аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

Құжаттар тізбесі:

  1. Аңықтама беру үшін:

-өтініш беру тіліндегі, қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етілген, бекітілген нысан бойынша анықтама беру туралы өтініш.

-жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде);

-еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.

  1. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін:

-жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын ол туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы анықтаманы ұзарту жөнінде өтініш;

-уәкілетті орган бұрын берген анықтама;

-еңбек шартының көшірмесі.

  1. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда анықтаманы қайта ресімдеу үшін:

-анықтаманы қайта ресімдеуге өтініш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың тегі, аты, әкесінің аты, нөмірі мен сериясы өзгертілген құжаттың көшірмесі.

  1. Аңықтама жоғалған немесе бүлінген кезде:

-аңықтаманың телнұсқасын беруге өтініш.

 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  1. Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
  2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің шекті мәніне қол жеткізбеу;
  3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1411" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  2. «Электрондық үкімет» веб-порталы - www.egov.kz, www. elicense.kz арқылы жүгіну үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Дата публикации
05 июня 2023