«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ММ 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебін талқылау туралы хабарлама

1.Жалпы ережелер.

1) Мемлекеттік қызметті беруші туралы ақпарат: «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма). Заңды мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23, байланыс телефоны 8 (7162) 29-86-16, 29-86-18, е-mail:  gos_uslugi@aqmola.gov.kz

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

   Тізілімге сәйкес басқарма мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

   -«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»;

   -«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу»;

  -«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;

  -«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту».

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 624 қызметті құрады, оның ішінде 497-сі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ  арқылы, 65-сі электрондық үкімет порталы арқылы, 64-і мемлекеттік орган арқылы.

 

Жоғарыда айтылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосылды.

«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-не мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін түрлері бойынша жауапты тұлғалары бекітілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді баламалы негізде – "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ, электрондық үкімет порталы арқылы не мемлекеттік орган арқылы алуға құқығы бар.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады:

- «Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту».

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1)Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ресми интернет-ресурста https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social?lang=ru орналастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері басқарманың ақпараттық стендінде орналастырылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2)Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервью және т.б.).

Басқарма, 2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді, теледидарда 1 сөз сөйлеу, материал KOKSHE TV YouTube арнасында 13.01.2022 ж. жарияланды, «Линия правда» айдары, сондай-ақ, 16.03.2022 ж. басқарманың Instagram-дағы ресми бетінде «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» тақырыбында мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді (https://www.instagram.com/p/CbKV64ArySz/?next=%2 F).

2022 жылғы 12 желтоқсанда 4-тоқсанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларымен және жұмыспен қамту орталықтарының директорларымен «Әлеуметтік көме» ААЖ-мен қағаз тасығышта «АӘК тағайындау және төлеу туралы» тақырыбында кеңес өткізілді.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар Қазақстан Республикасының тиісті заңдарын, әдістемелік ұсынымдар мен мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  • жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға мынадай іс-шаралар жоспарланған:

- мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

-халықты танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен уәждемесін күшейту туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

2023 жылы басқарма қолданыстағы заңнаманың нормалары, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады

Дата публикации
05 июня 2023