Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2022 жылға арналған азаматтық бюджет
«Ақмола облысы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 7С –12 – 2 шешіміне өзгерту енгізу туралы» Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С –20 –3 шешімінің негізінде
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында аса маңызды бағыттардың бірі өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қоғамға бірлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау болып табылады.
Басқарма 10 ведомствоға қарасты мекемелермен, 20 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдерімен, 20 жұмыспен қамту орталықтарымен, жартылай стационар және қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік көмек ұсыну жөніндегі аудандық бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді.
«Ақмола облысы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 7С –152 – 2 шешіміне өзгерту енгізу туралы» Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С –20 –3 шешімімен Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша –11 847,9 млн. теңге сомасында бекітілді, оның ішінде:
республикалық бюджет – 4 081,4 млн. теңге,
жергілікті бюджет – 4 804,1 млн. теңге,
Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен– 2 962,2 млн. теңге, соның ішінде:
|
Ø 2022 жылы «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» 113 бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 7 330,6 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 3 235 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 828,6 млн.теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен 2 267 млн.теңге бюджеттік қаражат жоспарланды, оның ішінде: Ø Мүгедектердің құқықтарын және өмірлік сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен барлығы 636,2 млн. теңге қаражат жоспарланды. Бюджеттік қаражат 2 277 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, 170 адамға ымдау тілі мамандарының қызметін көрсетуге, 2 254 адамға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге бағытталатын болады, 4 адамға бір реттік катетерлармен қамтамасыз ету. Ø Қозғалып жүріп-тұруы кезінде қиындықтарға туындаған адамдарға ұсынылатын «Мүгедектік такси» қызметін жалғастыру үшін барлығы 31,7 млн.теңге облыстық бюджеттен жоспарланған. Ø Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емделуін және қамтамасыз ету бойынша 763 млн.теңге сомада жоспарланған. Аталған қаражат 1 906 мүгедектер мен мүгедек-балаларды санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге, 480 кресло-арба, 239 сурдотехникалық құралдар, 890 тифлотехникалық құралдар және 1 228 протездік-ортопедиялық құралдар, 46 мүгедекті сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютермен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ø Объективті себептер негізінде кіріс көзі жоқ, отбасы мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін шартты қаржылай көмек көрсету бойынша, еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 13536 алушыларға және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 3027 алушыларға РБ есебінен 1 042,3 млн.теңге жоспарланған. |