Сессия шешіміне Азаматтық Бюджет. май. 11.12.2020 ж. №6С-52-2

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік

 бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

2021 жылға арналған азаматтық бюджет

 

Ақмола облысы мәслихатының  2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 6С – 52 – 2

шешімінің  негізінде

 

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында аса маңызды бағыттардың бірі өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қоғамға бірлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау болып табылады.

Басқарма 10 ведомствоға қарасты мекемелермен,  19 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдерімен,                19 жұмыспен қамту орталықтарымен, жартылай стационар және қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік көмек ұсыну жөніндегі аудандық бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді.

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша Ақмола  облысы  мәслихатының  2020  жылғы                      11  желтоқсандағы №6С-52-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен 8 328,6 млн. теңге сомасында бюджет бекітілді, оның ішінде:

республикалық бюджет –4 094,1 млн. теңге,

жергілікті бюджет – 1 302,6 млн. теңге,

республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар есебінен – 2 931,9 млн. теңге, соның ішінде:

  • Мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Мүгедектерге әлеуметтік қолдау» 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 810,6 млн. теңге қаражат жоспарланған. Аталған қаражат 2521 мүгедектер мен мүгедек-балаларды санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге, 590 кресло-арба, 650 сурдотехникалық құралдар, 1190 тифлотехникалық құралдар және 2202 протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Ø  «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» 053 бюджеттік бағдарлама бойынша 3 мүгедек-баланың дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 15 млн.теңге жоспарланған.

Ø 2021 жылы 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы  4 552,5 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 3 437,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 114,9 млн. теңге қаражат жоспарланды, оның ішінде:

Ø Мүгедектердің құқықтарын және өмірлік сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен барлығы 315,8 млн. теңге қаражат жоспарланды. Бюджеттік қаражат 2181 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, 158 адамға  ымдау тілі мамандарының қызметін көрсетуге, 2308 адамға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге бағытталатын болады, 4 адамға бір реттік катетерлармен қамтамасыз ету. Қозғалып жүріп-тұруы кезінде қиындықтарға кездесетін адамдарға ұсынылатын «Мүгедектік такси» қызметін жалғастыру үшін барлығы 22,5 млн.теңге облыстық бюджеттен жоспарланған.

Ø Объективті себептер негізінде кіріс көзі жоқ, отбасы мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін шартты қаржылай көмек көрсету бойынша, еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 15641 алушыларға және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 4692 алушыларға  РБ есебінен 1 581,5  млн.теңге жоспарланған.

  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына ұсынылатын қызметтердің тиімділігін көтеруге барлығы 335,5 млн.теңге жоспарланған, соның ішінде республикалық бюджеттен 218,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 117,4 млн.теңге. Қаражат 228  адамға жартылай стационар жағдайында,  224 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, 5 кісі адам саудасының құрбандарына, 126 адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбандарына және 30 адамға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталатын болады.

 

Дата публикации
11 декабря 2020