Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
2020 жылға арналған азаматтық бюджет
«Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2
«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6 С-51-7 шешімінің негізінде
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында аса маңызды бағыттардың бірі өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды қоғамға бірлесуге қолдау көрсету және жағдайлар жасау болып табылады.
Басқарма 10 ведомствоға қарасты мекемелермен, 19 қала және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімдерімен, 19 жұмыспен қамту орталықтарымен, жартылай стационар және қарт адамдармен мүгедектерге әлеуметтік көмек ұсыну жөніндегі аудандық бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізеді.
«Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6 С-50-2 шешімінің негізінде 8 745,4 млн. теңге сомасында бюджет нақтыланды, оның ішінде:
республикалық бюджет – 4 569,1 млн. теңге,
жергілікті бюджет – 3 945,8 млн. теңге,
Ішкі қарыздар есебінен – 230,4 млн. теңге, оның ішінде:
|
Ø «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» 053 бюджеттік бағдарлама бойынша 14 мүгедек-баланың және 3 мүгедек – ересектің дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыруға 76,6 млн.теңге жоспарланған. Ø 2020 жылы 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 4 398 млн. теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 3 744,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 653,9 млн. теңге қаражат жоспарланды. Ø Мүгедектердің құқықтарын және өмірлік сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге барлығы 226,2 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 223,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2,9 млн. теңге қаражат жоспарланды. Бюджеттік қаражат 1957 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, 146 адамға ымдау тілі мамандарының қызметін көрсетуге, 1931 адамға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарының тізбесін кеңейтуге бағытталатын болады, 4 адамға бір реттік катетерлармен қамтамасыз ету. Қозғалып жүріп-тұруы кезінде қиындықтарға кездесетін адамдарға ұсынылатын «Мүгедектік такси» қызметін жалғастыру үшін барлығы 21,7 млн.теңге облыстық бюджеттен жоспарланған. Ø Объективті себептер негізінде кіріс көзі жоқ, отбасы мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін шартты қаржылай көмек көрсету бойынша, еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті қатысу шартымен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек 14917 алушыларға және кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 2745 алушыларға және ТЖ кезінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық 32 014 алушыларға 1 930,8 млн.теңге жоспарланған, соның ішінде РБ есебінен 1 878,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 51,9 млн. теңге. |