Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік көмек

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет бағыттарының бірі әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік көмек - бұл аз қамтылған азаматтарға және өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға оны еңсеруге жәрдемдесу мақсатында берілетін әлеуметтік қорғау шарасы.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексіне сәйкес мемлекет жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) ақшалай нысанда ұсынылады.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті жергілікті атқарушы органдар ақшалай немесе заттай нысанда бір рет және (немесе) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған, әлеуметтік мәні бар ауру, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыс болған кезде бір жолғы және (немесе) мерзімді түрде көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем.

2026 жылдың I жартыжылдығында жалпы сомасы 1 522 482,55 мың теңгеге 24 985 адамға төлем жүргізілді:

- АӘК 898 отбасына (4 126 адам) жалпы сомасы 343 123,0 мың теңгеге тағайындалды, 873 отбасына (4 008 адам) 283 856,0 мың теңге төленді (орташа мөлшері – 11 804 теңге).

- Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу 341 балаға 21 798,45 мың теңге сомасында тағайындалды, 341 мүгедектігі бар балаға 21 727,45 мың теңге төленді.

- Тұрғын үй көмегі 87 отбасына (133 адам) 2 997,3 мың теңге сомасында тағайындалды, 87 отбасына (133 адам) 2 324,3 мың теңге төленді.

- Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 19 704 адамға 1 285 182,7 мың теңге сомасында тағайындалды, 19 219 адамға 1 182 004,8 мың теңге төленді, оның ішінде АИТВ инфекциясын жұқтырған балаларға екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі ай сайынғы төлем 9 балаға 5 397,6 мың теңге сомасында тағайындалып, 9 балаға 5 042,9 мың теңге төленді.

- Жыл басынан бері кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша төлем 1 339 балаға 39 410,0 мың теңге сомасында тағайындалды, 1 284 балаға 32 570,0 мың теңге төленді.

Документы
Ақпарат
20 августа 2026
Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімі
2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары
Ақпарат
20 августа 2026
Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімі
2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары
Ақпарат
20 августа 2026
Бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімі
2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызметтер
Азаматтарды қабылдау орталығы
Отбасын қолдау орталықтары
Медиагалерея
1
""Щучинск қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы "КММ базасында 2026 жылдың 18 қыркүйегінде"Алтын Орда мұрасы — Қазақстан халықтарының байланысы мен мәдениеті" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары арасында облыстық көркемөнерпаздар байқауы өтті
1
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін беру немесе ұзарту
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
Әлеуметтік көмек және ақпараттық жұмыс бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.

Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:

1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:

- зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;

- 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.

2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:

- отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;

- отбасы құрамы туралы.

Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;

- аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.

Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.

Егер мен төтенше жағдай кезеңінде жабылуына байланысты жұмыссыз қалсам, АӘК алуға құқығым бар ма және АӘК үшін қайда жүгінуге болады?

Егер сіздің отбасыңыздың жан басына шаққандағы табысы бір айда кедейлік шегінен аспаса (23302 тг.), Сіз АӘК алуға құқығыңыз бар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.03.2020 ж. бұйрығына сәйкес АӘК тағайындауға өтініш "электрондық үкімет" порталындағы электрондық өтініштер сервисі арқылы жүргізіледі. egov.kz.

Егер отбасы АӘК-ті Т. Т. 1-тоқсанында алса, 2-тоқсанға қалай рәсімделеді?

Егер отбасы а.ж. 1 тоқсанында АӘК алушы болып табылса , онда тікелей байланысты болдырмау мақсатында АӘК жаңа кезеңге өтінішсіз (а. ж. 2-тоқсан) автоматты түрде ұзартылады және АӘК тағайындау сомасы өзгеріссіз қалады.

Социальные медиа

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы