
Шортанды ауданының аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 15-1-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес Шортанды ауданының аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері туралы хабарлаймыз.
Сайлау комиссиялары
Жұмыс кестесі: 9:00 – 18:00
Түскі үзіліс: 13:00 – 14:00
№ 1 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды к., Абылай хана 26А, "Ойын-сауық орталығы" КММ ғимараты,
тел.: 8 (716 31) 3-51-60.
Төраға – Кусаинова Галия Ануарбековна; төрағаның орынбасары – Дьяченко Владимир Александрович; хатшы – Тулегенова Гульжамиля Жангельдиновна; комиссия мүшелері: Белолипецкая Виолетта Валерьевна, Салахова Венера Рустамовна
№ 2 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды к., Пионерская 4, "Шортанды кентінің № 1 жалпы білім береті мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 2-16-96.
Төраға – Мукашова Динара Болатбековна;төрағаның орынбасары – Кичайкина Татьяна Александровна; хатшы – Казантаева Ксения Дмитриевна;комиссия мүшелері: Акимжанова Лаура Игоревна, Панкова Ольга Николаевна
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Шортанды к., 30 лет Победы к. 117Б, "Автомобилистов" ЖШС ғимараты,
тел.: 8 (716 31) 2-00-65
Төраға – Едигенова Карлыгаш Толеубаевна; төрағаның орынбасары – Костоглод Андрей Иванович; хатшы – Мажитова Назгуль Сейтжановна; комиссия мүшелері: Лукина Светлана Валерьевна, Насиғат Аманбек
№ 4 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жолымбет к., Шоқан Уәлиханов к. 31, «Жолымбет кентінің № 2 жалпы білім береті мектебі» КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 27-5-85.
Төраға – Штоль Людмила Владимировнатөрағаның орынбасары – Олексина Фируза Закировнахатшы – Салтыкова Светлана Ахмедовнакомиссия мүшелері: Дурдина Эльвира Анатольевна, Усеинова Зарина Сериковна
№ 5 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жолымбет к., Абай Құнанбай к. 9, "Жолымбет кенті балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК ғимараты, тел.: 8 (716 31) 27-6-92.
Төраға – Коробейникова Наталья Владимировнатөрағаның орынбасары – Ноян Жанерке Сейденкызыхатшы – Мартынова Мадина Жомартовнакомиссия мүшелері: Кенжебек Жулдыз, Иверская Алена Игоревна
№ 6 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Бектау а., Дін Мұхамед Қонаев к. 3, "Бектау ауылының жалпы білім береті мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 25-3-36
Төраға – Урсуляк Людмила Владимировна; төрағаның орынбасары – Серикбол Табылған; хатшы – Хуанышхан Айсауле; комиссия мүшелері: Исхан Амангул, Ткаченко Светлана Сергеевна
№ 7 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Бозайғыр а., Бейбітшілік к. 5А, "Бозайғыр ауылының жалпы білім береті мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 25-6-69.
Төраға –– Сейдахметова Мирамгул Жумагазиевна; төрағаның орынбасары – Таукеева Сайрангуль Сергазикызы; хатшы – Атабаева Шолпан Балтаевна; комиссия мүшелері: Фицер Анастасия Анатольевна, Аманжолова Дильназ Жаркымбекқызы
№ 8 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Дамса а., Александр Велижанцева к. 25, "Дамса ауылының жалпы білім беретін В.П. Кузьмина атындағы мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 3-31-70.
Төраға – Абилова Алтынай Сейпельевна; төрағаның орынбасары – Шермагамбетова Айнур Галымжановна; хатшы – Кусаинова Ольга Сергеевна; комиссия мүшелері: Фердерер Инна Александровна, Гладкова Татьяна Викторовна
№ 9 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Научный к., Мерей к. 11, "Научный кентінің жалпы білім береті мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 2-31-52
Төраға – Бурмаганова Гульмира Турлыбековнатөрағаның орынбасары – Лесничая Римма Ринатовнахатшы – Иванова Галина Николаевнакомиссия мүшелері: Кокушева Салтанат Бирлесовна, Цыбульская Анастасия Владимировна
№ 10 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Андреевка а., Мұхтар Әуезов к. 37, "Андреевка ауылының жалпы білім береті мектебі" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 24-3-25
Төраға – Артюх Артем Олегович; төрағаның орынбасары – Вагнер Лилия Ивановнахатшы – Шиманская Анна Александровнакомиссия мүшелері: Мельник Денис Дмитриевич, Пистрюга Александра Васильевна
№ 11 округтік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Новокубанка а., Кан Де Хан к. 1а, "Ойын-сауық орталығы" КММ ғимараты, тел.: 8 (716 31) 24-7-92
Төраға – Искакова Жанна Сабиржановна; төрағаның орынбасары – Өмірзак Нұрбат;
хатшы –Самагүл Амангүл; комиссия мүшелері: Красников Дмитрий Дмитриевич, Погребнякова Ярослава Владимировна
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме?
📞Жедел желіге хабарласыңыздар!
☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы.
☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығы.
☎️ 8 (7162) 25-11-42 — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
☎️ 8 (7162) 90-10-21 — Ақмола облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) АҚ, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
☎️ 8 (7162) 29-86-45 — Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қалалық және аудандық бөлімдердің байланыс телефондары
Қалалар
· Қоқшетау қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (7162) 29-78-24.
· Степногорск қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (71645) 5-97-18.
· Қосшы қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
☎️ 8 (7172) 60-77-92.
Ақмола облысының аудандары
• Ақкөл ауданы — ☎️ 8 (71638) 5-51-02 (ЖҚәӘББ).
• Аршалы ауданы — ☎️ 8 (71644) 2-22-12 (ЖҚәӘББ).
• Атбасар ауданы — ☎️ 8 (71643) 5-61-42 (ЖҚәӘББ).
• Астрахан ауданы — ☎️ 8 (71641) 2-20-30 (ЖҚәӘББ).
• Бұланды ауданы — ☎️ 8 (71646) 2-26-58 (ЖҚәӘББ).
• Бурабай ауданы — ☎️ 8 (71636) 4-29-11 (ЖҚәӘББ).
• Біржан сал ауданы — ☎️ 8 (71639) 2-21-29 (ЖҚәӘББ).
• Есіл ауданы — ☎️ 8 (71647) 2-17-69 (ЖҚәӘББ).
• Егіндікөл ауданы — ☎️ 8 (71642) 2-11-31 (ЖҚәӘББ).
• Ерейментау ауданы — ☎️ 8 (71633) 2-19-64 (ЖҚәӘББ).
• Жақсы ауданы — ☎️ 8 (71635) 2-16-02 (ЖҚәӘББ).
• Жарқайың ауданы — ☎️ 8 (71648) 9-23-08 (ЖҚәӘББ).
• Зеренді ауданы — ☎️ 8 (71632) 2-11-71 (ЖҚәӘББ).
• Қорғалжын ауданы — ☎️ 8 (71637) 2-23-99 (ЖҚәӘББ).
• Сандықтау ауданы — ☎️ 8 (71640) 9-17-27 (ЖҚәӘББ).
• Целиноград ауданы — ☎️ 8 (71651) 3-04-80 (ЖҚәӘББ).
• Шортанды ауданы — ☎️ 8 (71631) 2-00-11 (ЖҚәӘББ).
🤝Құрметті тұрғындар! Мамандар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге, қажетті түсіндірмелерді ұсынуға және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу тәртібіне, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы мәселелеріне қатысты көмектесуге дайын.
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 3 қараша күні сағат 15.00-де Шортанды к. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Шортанды ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Құрметті құтқарушылар және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері!
Сіздерді Шортанды ауданы әкімдігі мен аудан әкімі атынан кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз үлкен жауапкершілікті, батылдықты және кәсібилікті талап етеді. Адам өмірін сақтап қалу, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Қиын сәттерде жедел әрекет етіп, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға алғыс білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және қызмет барысында сәттілік тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жолымбет кентінде маңызды әрі қуанышты оқиға орын алды. «АК Алтыналмас» АҚ Жолымбет дәрігерлік амбулаториясына жаңа реанимобильдің кілтін табыстады.
Аудан әкімі осы игі оқиғаға орай жиналғандарды құттықтап, денсаулық сақтау саласын қолдаудың және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар кент тұрғындарының денсаулығына қамқорлық танытып, әлеуметтік жауапкершілік көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Жаңа реанимобиль медицина қызметкерлеріне шұғыл жағдайларда жедел әрекет етуге, науқастарға уақытылы көмек көрсетуге және қажет болған жағдайда оларды медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бастама жергілікті денсаулық сақтау саласын дамытуға және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қосылған маңызды үлес болып табылады.
Шортанды кентінде тұрғындармен кезекті есептік кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндау және алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісу.
Кездесу барысында кенттің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және басқа да тұрғындарды толғандыратын мәселелер қаралды. Сонымен қатар, кенттің дамуына қатысты алдағы жоспарлар мен атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындарға өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға және ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнату және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жұмыстары жалғасады.
Газбен жабдықтау ауқымын кеңейтуде «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы маңызды рөл атқарады. Жоба аясында Көкшетау қаласына, Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарына табиғи газ жеткізіледі.
Сонымен қатар облыста газбен жабдықтау аумағын кеңейту мәселесі пысықталып жатыр. Атап айтқанда, Степногорск қаласын, Астрахан, Сандықтау аудандарын және Біржан сал ауданын газ магистраліне қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағыттағы түпкілікті шешімдер техникалық және жобалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қабылданады.
Халықаралық қарттар күніне орай Шортанды ауданының әкімі Искакова Рысты Қайролловна, Якимова Софья Тимофеевна және Баюра Евдокия Яковлевнаны мерекемен құттықтап, арнайы барып қайтты.
Кездесу барысында аудан әкімі аға буын өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегінің қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмір жолы мен еңбегін бағалайтын ерекше мереке. Ардагерлерге қамқорлық таныту, олардың жағдайына көңіл бөлу және еңбегін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Дамса ауылында Шортанды ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар, сумен қамту және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен негізгі міндеттер туралы ақпарат берді.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша жауапты мамандар түсініктеме беріп, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.