Шортанды ауданында егін жинау науқаны басталды

Шортанды ауданында егін жинау науқаны басталды

Биыл Шортанды ауданында алғашқылардың бірі болып "Бектау" ЖШС егін жинауға кірісті. Ағымдағы жылдың 9 тамызында серіктестік салтанатты түрде жаңа "2020 жылғы егіннің" алғашқы партияларын қабылдауды бастады.

Іс-шараға аудан әкімі Гайдар Қасенов қатысты. Ол егін жинаумен айналысатын аграрилерге қолайлы ауа райы, техниканың тұрақты жұмысы және жақсы өнім тіледі.

Кездесу барысында Гайдар Қабдоллаұлы "ЖЕР-АНА" ЖШС өндірістік-технологиялық астық зертханасында болып жұмыс процесімен танысты.

"Егін жинау процесіне жаңа технологияларды енгізудеміз. Біз ауылшаруашылық паркін жаңартамыз.  Жыл сайын жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділік артып келеді", - дейді ЖШС мамандары.

Егіншілердің басты мақсаты - күзгі жауын-шашын мен ерте қарды күтпестен уақтылы егін жинау. Ол үшін техника да, жанар-жағар май да жеткілікті.