Аудан әкімі Гайдар Қасенов ауданның жол жөндеу жұмыстарының барысымен және абаттандырылуымен танысты

Аудан әкімі Гайдар Қасенов ауданның жол жөндеу жұмыстарының барысымен және абаттандырылуымен танысты

Қазіргі уақытта жұмыстар аудан орталығында ғана емес, ауданның басқа да елді мекендерінде жүргізілуде.

"Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы аясында Шортанды кентінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: 50 лет Октября, Южная, Пионерская, Абылай хан, Бейбітшілік, Советская, 30 лет Победы, Амангелді, Новая, Строителей, Ардагер және Казциковская көшелері.

Сонымен қатар,"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында ағымдағы жылы Бектау, Раевка, Бозайғыр және Степное ауылдарының жолдарын жөндеу жоспарлануда.

Раевка ауылындағы Абай көшесі бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жалпы ұзындығы 1,3 км. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 3,1 км. құрайтын Степное ауылындағы Асар және Жібек жолы көшелері жөнделеді. Сондай-ақ, ЖҚЖК шеңберінде Бозайғыр ауылының негізгі кентішілік және кірме жолдарына жөндеу жүргізілетін болады.

Оған қоса ағымдағы жылы Күлшін ауылында кіре беріс жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту жалпы аудан экономикасының дамуына жаңа серпін береді.