Елордада АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығы-2022 басталды

Елордада АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығы-2022 басталды

3 қазанда АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығы-2022 көміртекті егіншілікті дамыту тақырыбымен басталды.
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Еуразиядағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес: көміртегі биржалары және көміртегі шаруашылығының болашағы» атты халықаралық инаугурациялық диалог алаңында сөйлеген сөзінде фермерлер іс жүзінде өнімнің тағы бір түрін: ауыл шаруашылығы климаттық жобалары бойынша көміртегі бірліктерін өндірушілерге айналып жатқынын айтты.

 

«Ірі халықаралық агрокомпаниялар көміртекті практикаға көшкені үшін фермерлерге сыйақы төлеуді көздейтін көміртекті егіншілік бағдарламаларын қалыптастыруда. Халықаралық корпорациялар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарларын белсенді түрде жариялап жатыр және есептерінде офсет деп аталатын сатып алынған көміртегі бірліктерінің көлемін көрсетеді. Офсеттің ең ірі сатып алушылары – (Google, Microsoft) цифрлық алыптар, (Delta) әуе компаниялары, (JPMorgan Chase, Goldman Sachs) инвестициялық банктер. Нарықтық тетіктің тиімді жұмыс істеу факторларының бірі – квоталау субъектілерінің, яғни шығарындылары заңмен шектелген компаниялардың офсеттерді есепке алу мүмкіндігі. Бұл тұрғыда Қазақстан көміртегі бірліктері нарығын ұйымдастырудың неғұрлым инклюзивті моделі бойынша жүріп бастады: қазақстандық компаниялардың Қазақстан аумағында іске асырылып жатқан климаттық жобалар бойынша нарықта сатып алынған офсеттерді шектеусіз есептеуге мүмкіндігі бар», — деді Серік Жұманғарин.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1664852397