
Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округтер мен кент әкімдері, дербес бөлім басшылары және ведомстволық бағынысты мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
🔹 Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін түгендеу және иесіз объектілерді ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау шаралары;
🔹 «Отбасының цифрлық картасы» жобасы аясында «дағдарысты» және «шұғыл» санаттағы отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар.
Кеңес барысында баяндама жасаған сала мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.