Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Магистратура мен докторантураға 2020 жылға құжаттар қабылдау ашылды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратураның 10 бағдарламасының бірі немесе докторантураның 3 бағдарламасы бойынша бір жылдан астам жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді грантқа түсуге шақырады.

Академия жыл сайын мемлекеттік басқару және саясат саласындағы отандық және әлемдік трендтер негізінде өзінің білім беру бағдарламаларын өзектендіреді және жетілдіреді. Осылайша, ағымдағы жылы Академия келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:

бір жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік менеджмент» – Мaster of Public Management;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – Мaster of Anti-Corruption Policy;

«Халықаралық қатынастар» – Master of International Relations;

 «Адами ресурстарды басқару» – Master of Human Resources Management;

* «Өңірлік даму» – Master of  Regional Development.

екі жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Master of Public Administration;

«Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy;

 «Экономика» – Мaster of Economics;

«Өңірлік даму» – Master of  Regional Development;

* «Өңірлік көшбасшылық» – Master of Regional Leadership.

үш жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Doctor of Public Administration;

«Экономика» – Doctor of Economics;

«Халықаралық қатынастар» – Doctor of International Relations.

* Оқыту қаржыландырудың өзге көздері есебінен жүзеге асырылады.

 

Академияға оқуға түскен жағдайда білім алушыға жұмыс орнын сақтау, лауазымдық жалақы мөлшерінде стипендия алу, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамынан білім алу, әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

  • Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар (Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады):

 

- Өтініш

- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

- IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі немесе APTIS-ке тіркеу

- Еңбек қызметін растайтын құжат

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама

- Мемлекеттік органның жолдамасы

- Үміткердің жазбаша жұмысы:

  • Магистратура үшін - мотивациялық эссе, пән бойынша эссе
  • Докторантура үшін - эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal)

 

Білім беру бағдарламалары мен қабылдау рәсімі туралы толық ақпаратпен Академияның www.apa.kz сайтында, "Оқуға түсу" бөлімінде танысуға болады.

2

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы