
Мекеменің мекен-жайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі, 91, факс.т. 871631-3-51-86, 3-51-87 электрондық пошта мекенжайы shortandy_zsp@aqmola.gov.kz
Функционалдық міндеттері: жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады;
жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады;
жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жүгінген адамдарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады;
жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді;
жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады;
жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды;
еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды;
әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды;
Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады;
Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды;
еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді;
азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді;
уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 90 786 теңгеден 110 075 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе қызметтің басқа салаларындағы басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін, білу қажет:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Халықтың көші-қоны туралы заң);
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң);
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Халықты жұмыспен қамту туралы заңды; ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін; шаруашылық инфрақұрылымын;
демографиялық ахуалын;
өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін;
өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін;
еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды және олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу тәртібін;
қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;
салық заңнаманың негіздерін;
еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін;
экономика негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар :
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 фотосуреті бар кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын көрсете отырып көшірмелері;;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурстық комиссияның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы және марапаттары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Конкурс "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі».
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландырудың мемлекеттік және орыс тілдерінде соңғы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде "Шортанды жаршысы" немесе "Вестник Шортанды" газеттерінде және аудан әкімінің ресми сайтында, ұсынылуы тиіс мекен-жайы: 021600, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі 22, Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде адамдарды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды және үш жұмыс күні ішінде оларды әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
- конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
- кандидаттармен әңгімелесу өткізу;
- конкурстың қорытындысын шығару.
Анықтама телефондары: 871631-2-19-75, 2-14-57
Шортанды ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысының м.а. Б.Шәди