
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-Департамент) - Мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында белгіленген тәуекелдер бейіндеріне сәйкес камералдық бақылау жүргізіледі.
Осылайша, Департамент 2020 жылы 634 513 961,1 мың теңге сомаға 81 153 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) камералық бақылаумен қамтып, 89 207 445,8 мың теңге сомаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 184 хабарлама жіберді.
Сонымен қатар, 2020 жылы Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің әрекеттеріне шағым жасаған жеке және заңды тұлғалардың 1 473 өтінішін қарады.