Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ конкурс жариялайды

Шортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Шортанды ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шортанды балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – КММ) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мекеменің мекен-жайы: Ақмола облысы, Шортанды кенті, Дзержинский көшесі, 3, факс.т. 871631-2-10-70, электрондық пошта мекенжайы shortandy_sport@aqmola.gov.kz

Функционалдық міндеттері: ұйымда оқу және тәрбие жұмысын басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету, мемлекеттік мекеменің негізгі қызметіне сәйкес міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да лауазымдық жалақы, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты 90786 теңгеден 110 075 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - "Педагогика", "Құқықтану", "Экономика" мамандықтарының бірі бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе дене шынықтыру және спорт саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік мекеменің қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.

            

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар :

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 фотосуреті бар кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын көрсете отырып көшірмелері;;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурстық комиссияның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы және марапаттары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Конкурс "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі».

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландырудың қазақ және орыс тілдерінде соңғы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде "Шортанды жаршысы" немесе "Өрлеу" газетінде және аудан әкімінің ресми сайтында: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy?lang=ru ұсынылуы тиіс- мекен-жайы: 021600. Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Дзержинский көшесі 3, "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде адамдарды конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамалық шешім қабылдайды және үш жұмыс күні ішінде оларды әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

-конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

- кандидаттармен әңгімелесу өткізу;

- конкурстың қорытындысын шығару.

Анықтама телефоны: 8 708 2417209, 87024676081

 

Шортанды ауданының                                                                                                          

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы                                                                          В. Дьяченко

Дата публикации
19 ноября 2020
Дата обновления
19 ноября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы