Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

«Новоселовка ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызметі туралы есеп.

Халыққа мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де жағдайларға байланысты қандай да бір кемсітусіз қызмет алушыларға тең қолжетімділік;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермеу;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласында есептілік пен ашықтық;

мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жеті мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру». Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы. 2025 жылы 1 қызмет көрсетілді.
2025 жылы 0 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу». Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы. 2025 жылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең – 1, екінші кезең – 0.

«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату». Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2025 жылы 1 қызмет заңды тұлғаға көрсетілді.

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою». Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде. 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар саны – 0.

«E-gov» қолжетімділік бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 28 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпыға қолжетімді жерлерде ақпараттық стендте орналастырылған.

Новоселов ауылдық округі әкімінің аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын белгіленген кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2025 жылғы 1 наурыздан 30 наурызға дейін өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтына орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

Новоселовка ауылы, Абай көшесі 18а, «Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 25-5-43, электрондық пошта: shortandy_novoselovka@aqmola.gov.kz.

Қабылдау жұмыс күндері, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
01 марта 2026
Дата обновления
01 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы