Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

«Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе өзге де мән-жайларға қарамастан тең қолжетімділік;

  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермеу;

  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласында есептілік пен ашықтық;

  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты түрде жетілдіру;

  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.

Шортанды ауданының «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес алты мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық үкімет порталы арқылы.
2025 жылы – 6 қызмет көрсетілді.

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Қағидаларға сәйкес көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылы – 7 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең – 3, екінші кезең – 4.

«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін)»
Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық үкімет порталы арқылы.
2025 жылы – 62 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші кезең – 27, екінші кезең – 35.

«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»
Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылы – 3 қызмет көрсетілді.

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
2025 жылы – 377 өтініш түсті.

«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылы – 12 қызмет көрсетілді.

«E-gov» қолжетімділік бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 355.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында жалпыға қолжетімді жерлерде орналасқан ақпараттық стендтерде орналастырылған.

Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппаратының барлық мамандары үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қызмет алушылар тарапынан «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.

Халық назарына:

Есептің жария талқылауы 2025 жылғы 1 наурыздан 30 наурызға дейін өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша пікірлерді, ұсыныстар мен ескертулерді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

Бозайғыр ауылы, Ляна көшесі, 43
«Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Телефондар: 8 (71631) 25-6-75, 25-1-35
Электрондық пошта: bozaygir.akimat@mail.ru

Қабылдау жұмыс күндері (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

Дата публикации
01 марта 2026
Дата обновления
01 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы