
Шортанды ауданының «Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (сауда-саттық өткізуді талап етпейтін)»
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін осы мемлекеттік қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін осы қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін)»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны — электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған).
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін осы қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін осы қызмет бойынша 1 өтініш түсті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Пригородное ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Әлеуметтік желілерде көрсетілетін қызметтер туралы материалдар жарияланған. Пригородное ауылы тұрғындарының жиындарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 29-ды құрады, сондай-ақ «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 26 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа мен тиімділік көрсеткіштері арқылы бағаланады (мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесінің № 16 қосымшасына сәйкес). 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қызмет алушылар тарапынан «жақсы» деп бағаланды.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік мекеме басшысы тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен уақытылы көрсетілуіне тұрақты бақылау жүргізіледі.
Есептің жария талқылауы 2025 жылғы 1 наурыздан 30 наурызға дейін өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша пікірлерді, ұсыныстар мен ескертулерді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
Пригородное ауылы, Құрылыс көшесі, 16-үй
Телефон: 24-5-35
Қабылдау жұмыс күндері (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.