
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе өзге де мән-жайларға қарамастан тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласында есептілік пен ашықтықты қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты түрде жетілдіру;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.
«Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
«Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес алты мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылы – 1 қызмет көрсетілді.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылы – 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.
«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін)»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылы – 88 қызмет көрсетілді, оның ішінде 88 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы, оның ішінде 1 кезең – 49, 2 кезең – 39.
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылы – 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 қызмет қағаз түрінде көрсетілді.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
2025 жылы – 194 қызмет көрсетілді.
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.
2025 жылы – қағаз түрінде 0 қызмет көрсетілді.
Есептің жария талқылауы 2025 жылғы 1 наурыздан 31 наурызға дейін өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша пікірлерді, ұсыныстар мен ескертулерді Дамса ауылдық округінің www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy-damsa сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
Дамса ауылы, Велижанцев көшесі 14, «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Телефондар: 8 (71631) 3-30-18, 3-32-61, 3-30-47
Электрондық пошта: shortandy_damsa@aqmola.gov.kz
Қабылдау әр сәрсенбі күні, мереке күндерін қоспағанда, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.