Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органдарының 2025 жылға арналған қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

    1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер

    Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты – халықтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау, сондай-ақ материалдық және материалдық емес игіліктерді ұсыну, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын, Қазақстан Республикасының Конституциясын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

    Шортанды ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, 9 ауылдық (ауылдық округ), 2 кент және 7 дербес бөлім көрсетеді.

    2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    2025 жылы ауданның жергілікті атқарушы органдары 56 мемлекеттік қызмет түрін (62 кіші түрін) көрсетеді.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 3661-ді құрады, оның ішінде:

    • Мемлекеттік корпорация арқылы – 280;

    • электрондық форматта – 2646 (ПЭП);

    • қызмет көрсетуші арқылы – 53 қызмет;

    • ақпараттық жүйелер арқылы – 633.


    Қызмет алушылармен жұмыс

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар мен тәртіп оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.

    Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттық стендтер (Қағидалар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.

    Шортанды ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған.

    2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын ескеру мақсатында жүргізіледі.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

    Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

    • 11 баннер орналастырылды;

    • «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында 1 роллап орнатылды;

    • әлеуметтік желілерде 645 түсіндірме материалы жарияланды;

    • мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін қарау бойынша 4 дөңгелек үстел және 4 Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

    2025 жылы сервистік әкімдіктерді ашу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты сервистік форматтағы қызмет көрсетуге көшті.

    Сондай-ақ, Шортанды ауданында халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді алуына арналған компьютер, сканер, принтер, веб-камера және картридермен жабдықталған 43 өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 11-бабына сәйкес, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудан әкімдері, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оңтайландыру және автоматтандыру шараларын қабылдайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлерге техникалық оқу ұйымдастырылды. Оқудан 47 қызметкер (100%) өтті.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.


Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 1 шағым тіркелді. Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Шортанды ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуге талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі ағымдағы жылы ауданның мемлекеттік органдарында заңнама талаптарының сақталуы бойынша 6 бақылау іс-шарасын өткізді («Шортанды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ, «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Шортанды ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды (Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын бұзу – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтпеу; өтініштерді уақтылы тіркемеу фактілері; мемлекеттік қызмет нәтижесін жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін беру; құжаттардың толық емес топтамасы және т.б.).


Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру және тиімділігін одан әрі жоғарылату перспективалары

2026 жылға арналған халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарланған:

  • Шортанды ауданының «Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «сервистік форматтағы қызмет көрсетуге» көшіру;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету (негізсіз бас тартуға жол бермеу, белгіленген талаптарды сақтау, есептік деректердегі алшақтықтарға жол бермеу);

  • мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу (әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда онлайн-жәрмеңкелер, тікелей эфирлер өткізу; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барынша қолжетімді ақпаратты БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастыру);

  • елді мекендерде цифрлық құжаттарды пайдалану бойынша баннерлер орнату;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін 100% арттыру;

  • мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтер алуына қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру батырмалары, арнайы жабдықталған санитарлық тораптардың болуы).

  • Портал «электронного правительства» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;

  • бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету;

  • 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жария талқылаулар өткізу;

  • қызмет алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштерге негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша толыққанды шаралар қабылдау;

  1. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру;

  1. қызмет көрсетушілердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша техникалық оқыту өткізу;

  • мемлекеттік органдардың функцияларына тұрақты негізде талдау жүргізу арқылы жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін айқындау және оларды Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;

  1. жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардағы eGov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу.


Халық назарына

Есепті жария талқылау 2025 жылғы 1 наурыздан 30 наурызға дейін өтеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша пікірлерді, ұсыныстар мен ескертулерді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты

Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021600 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 20-үй.

Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылауға қатысты ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар shortandy_usl@aqmola.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (71631) 2-11-12 телефоны арқылы қабылданады.

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
25 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы