
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтықты қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін тұрақты жетілдіру;
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің алты түрін көрсетеді.:
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы. 2025 жылда 0 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз жүзінде. 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес, жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.06.2023 жылдың № 236, мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған). 2025 жылы өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен, жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2025 жылдың № 110, гайыптау қызметі тегін негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.
2025 жылда өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізделген бас тартулардың саны - 2, оның ішінде "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 2.
Қолжетімділік бұрыштары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны "E-gov”: 172
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат "Раевский ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де жалпыға қол жетімді жерлерде ақпараттық стендте орналастырылған, баннер ілінген, орама - ап. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шақырту түймесі, пандус бар, ақпаратты көрсетудің таңбалы құралдары (жапсырмалар), тактильді жерүсті тақталары орнатылған.
Раевский ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес үздіксіз білім беру курстарынан өтеді.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан жыл сайынғы шағымдар түскен жоқ.
Тұрғындардың назарына:
Есепті жария талқылау 2026 жылғы 1 наурыздан бастап 30 наурызға дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, жауап, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.
Байланыс ақпараты:
"Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Раевка ауылы Уалиханов көшесі 8, телефон нөмірлері: 8 (71631) 25-7-16, 25-8-71. Электрондық мекенжай shortandy_raevka@aqmola.gov.kz
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.