
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі мемлекеттік органдар бекітетін еңбек тәртібі қағидаларында белгіленеді.
Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүргізуге міндетті. Көбінесе бұл есеп қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің мәліметтері негізінде және жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленді.
Күнделікті жұмыс ұзақтығы бес күндік жұмыс аптасында 8 сағаттан, аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.
Үстеме жұмыс әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде 2 сағаттан аспауы тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.
Қажет болған жағдайда қашықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеу қолданылуы мүмкін.
Алайда, қашықтан жұмыс төтенше жағдайлар енгізілген кезеңде немесе өзге де шектеу іс-шаралары енгізілген кезде белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік органда икемді жұмыс уақытының режимі мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілерге, жүкті әйелдерге, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарғабелгіленеді
Сонымен қатар, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс.
Ақмола облысының
Шортанды ауданының әкімі
аппаратының бірыңғай персоналды
басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы А. Дорж