Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?

2024 жылы Ақмола облысында 9708 жүргізуші куәлігі берілді, оның 2700  бастапқы куәліктер. Бұл деректерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ақмола филиалы жариялады. Жүргізуші куәлігін алу-көлік құралын өз бетінше басқару жолындағы маңызды қадам. Бүгінгі материалда біз сізге қызмет қанша тұратынын, қандай құжаттарды дайындау керектігін және рәсімдеуге қанша уақыт кететінін айтамыз.

 

Арнайы ХҚКО-да емтихандар келесі ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық.Үміткер тапсыру орнын, күнін және уақытын өз бетінше таңдайды. Егер көрсетілетін қызметті алушы бірнеше санаттағы құқықтарды алуға үміткер болса, онда теориялық емтихан бір рет тапсырылады, алайда практикалық емтихан әр санат бойынша бөлек өтеді.

 

"Жүргізушілерге үміткер алдымен арнайы ХҚКО-ға жүгініп, өтінім нөмірін алуы қажет. Қалғанының бәрі онлайн режимінде жасалады. "ХҚКО" қосымшасына кіріп, қажетті деректерді енгізу,"теория бойынша емтиханға жазылу" немесе "практика бойынша емтиханға жазылу" қойындысын таңдау қажет",– деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК " КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Сұлтан Мәліков.

 

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін немесе санаттарды толықтыру кезінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (1,25 АЕК – 4915 тг.), медициналық анықтама және автомектепті бітіргені туралы куәлік. Естеріңізге сала кетейік, автомектепті бітіргені туралы куәлік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркелуі тиіс. Тіркеуді онлайн-ресурс арқылы тексеруге болады https://avtomektep.kz.

 

Айта кетейік, теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін жүргізуші куәлігі екі сағат ішінде ресімделеді.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы