Лого проекта

Меню

Страницы

Статья

Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы  2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша  есебі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Жер саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтердің 14 (он төрт) түрін көрсетеді және келіседі:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 4 (төрт) жұмыс күні. 2024 жылы 284 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні. 2024 жылы 0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. 0 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күн. 2024 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындау». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күн. 2024 жылы 0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:электрондық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні. 2024 жылы 0 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні; 2) объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап (құрылыстарды бұзу) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді көрсетілетін қызметті берушіге және порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. 2024 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 0 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру-7 (жеті) жұмыс күні. 2024 жылы 88 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалары бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша - 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар) алу үшін: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалары бойынша - 9 (тоғыз) жұмыс күні;
3) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін-өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. 2024 жылы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. 1 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу». Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні. 2024 жылы 81 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 0 өтініш бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
10. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Мысалы, тұрғын үйге қатысты жер учаскесін рәсімдеу, мұрагерлік құқығы негізінде жер учаскесін сатып алу немесе қосымша учаскеге құқық беруді қарастыру және басқалар. Бұл қызмет екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – мемлекеттік қызметті алу үшін 12 жұмыс күні ішінде. Жеке және заңды тұлғалар веб-портал арқылы «Электрондық үкімет» жергілікті атқарушы орган болып табылатын көрсетілетін қызметті берушіге,
жолдайды:
бірінші кезең:
1) жер учаскесіне құқық алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
Бұл өтініш Шортанды ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының отырысында қаралады. - жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты жер комиссиясына берген кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;
- жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жібереді, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда-Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Тиісінше, жер комиссиясының оң қорытындысын алған кезде көрсетілетін қызметті алушы жерге орналастыру жобасын дайындайды, оны «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға жіберу арқылы бекітеді және бұдан әрі екінші кезеңге өтініш береді.
екінші кезең: жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкіметтің» Веб-порталы арқылы жергілікті атқарушы орган болып табылатын көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген жерге орналастыру жобасын жібереді.
Қызмет көрсету нәтижесі: сатып алу-сату шартын не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. 2024 жылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3 мемлекеттік қызметтен бас тартылды.
11. 3. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Көрсетілетін қызметті көрсету нысаны қолма – қол-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (әкімдік) арқылы қағаз жеткізгіште өтініш беру ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі; немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық www.egov.kz порталға ұсынылатын құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні. Бұл өтініштер жер комиссиясының отырысында қаралады. Қызмет көрсету нәтижесі-көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 2024 жылы 28 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерге 0 бас тартылды.
12. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2)жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджет кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу қажет болған жағдайда. Яғни, Жер Кодексінің 44-бабының 6-тармағында белгіленген Шартпен берілген, елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салу үшін берілген, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын жүргізу үшін өтеусіз берілген жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде осы мақсаттар бойынша өзге де мақсаттарға Кодексте жер учаскелерін ақылы беру көзделген, жер учаскесінің меншік иесі бюджет кірісіне соманы төлеуге міндетті, өзгертілген нысаналы мақсат үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең
Бұл қызметті көрсету мерзімі 13 жұмыс күнін құрайды.
Қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауын анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі; 3) Жер кодексінің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы. 2024 жылы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерге 0 бас тартылды.
13. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға архитектуралық жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына сәйкес. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалары бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша - 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар) алу үшін:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалары бойынша-9 (тоғыз) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні;
3) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй – жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін-өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. Дәлелді бас тарту-5 (бес) жұмыс күні.
2024 жылы 109 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерге 0 бас тартылды.
14. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні.
2024 жылы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 1 мемлекеттік қызметтерден бас тартылды.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 626 қызметті құрады.
2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 4 шағым келіп түсті, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қалпына келтірілді, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер: ақпарат БАҚ-та, аудан әкімінің сайтында, сондай-ақ ғимараттағы стендтерде орналастырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету пункті, Е-gov бұрышы бар, онда әрбір азамат ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік қызметтерді дербес ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапасы, уақтылық, қанағаттану өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерін жақсарту мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда: (ақпараттық стендтерді жаңарту, көрсетілетін қызметті алушыларды БАҚ-та (әлеуметтік желілерде: Instagram, Фейсбук).


Халыққа арналған ақпарат:
Есепті қоғамдық талқылау 2025 жылдың 30 наурызына дейін өтеді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша пікірлеріңізді, жауаптарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді аудан әкімінің www.shortandy.gov.kz сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға тапсыруға болады.
Байланыс ақпараты:
Шортанды к., Лермонтов көшесі, 16А Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, телефондары: 8 (71631) 3-51-37, электрондық пошта мекен-жайы: zemelnye.otnosheniya@mail.ru.
Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін жүргізіледі.

Дата публикации
28 февраля 2025
Дата обновления
28 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Инфографикалар
Ақпарат
21 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
14 октября 2026
Президенттің Жарлығы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы